«Құқықтану» кафедрасы

Кафедра аты:Құқықтану

Кафедра меңгерушісінің аты-жөні: Жусупова Шолпан Саламатовна — І санатты құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы

Кафедраның мақсаты мен міндеттері: 

Кафедраның мақсаты: Құқыққорғау органдарына, мемлекеттік билік пен басқару саласына, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде қызмет ететін біліктілігі жоғары кәсіби маман даярлау.

Кафедраның міндеттері:

  • Құқық салаларының негізгі санаттары мен ұғымдарын қамти алады;
  • Әкімшілік, азаматтық, қылмыстық іс жүргізу процестеріне қатыса алады;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауға бейімделеді;
  • Құқықтық мәдениеті қалыптасады.

Кафедра мамандықтары: 

0201000 Құқықтану

0201023 Кеңесші-заңгер

Кафедра жетістіктері

Жусупова Шолпан Саламатовна — І санатты құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 2016 жылы – облыстық «Үздік педагог — 2016» байқауына қатынасып, бас жүлде иеленсе, «Хабаршы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында  «Теориялық білімді кәсіби тәжірибелік дағдыға  ұластырып шығармашыл тұлға дайындаудағы рөлдік ойындардың маңызы» мақаласы жарияланды. 2017 жылы – «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуда  2 дәрежелі дипломымен марапатталды.

Кабдирова Нурлан Хамидоллаевна  — Жоғары санатты тарих, қоғамтану және құқық пәндерінің оқытушысы. Бөлім меңгерушісі. 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, 2017 жылы облыстық мәслихаттың, «Кәсіпқор холдингі» КЕАҚ «Алғыс хатымен», 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Біліктілікті арттырудың Қазақстандық өңіраралық орталығының «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Турегалиева Гулденсин Сулейменовна — құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты. Ғылыми ізденіс үстінде жүретін ұстаздың еңбектері баспасөз беттерінде екі тілде жарияланып отырады. Республикалық басылымда «Батыс Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық үрдіс», Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «XX ғасырдың екінші жартысындағы Батыс Қазақстандағы мәдени-тұрмыстық инфрақұрылымының дамуы», «Влияние миграционных процессов на социально-экономическое и этнодемографическое развитие населения Западного Казахстана», «Сравнительный анализ критериев материального благосостояния населения в Советский и современный периоды», Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Развитие социальной сферы Западного Казахстана в конце 50-х –начале 90-х гг.ХХ вв», «Разработка проблем развития материального благосостояния в Казахстанской историографии», «Национальное законодательство как Конституционно-правовая основа права граждан на свободу публичных мероприятий» мақалалары ғылыми істің негізгі бастауы бола білді.

Дюсенова Зульфия Амангалиевна— І санатты құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 2016 жылы  облыстық «Үздік куратор»  сайысында ІІІ орын алса, «Хабаршы» журналына «Арнайы пәндерді оқытуда жаңа технологияларды қолдану» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. «Педагогтардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру кәсіби құзырлылықты көтеру» тақырыбындағы облыстық семинарда баяндама жасады, ал 2017 жылы «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан «Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлерін халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру   курсынан білімін жетілдірді.

Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна— ІІ санатты құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы. «Оқу үрдісіндегі интербелсенді оқыту мен ойын технологиясын қолданудың тиімді жолдары»  атты мақаласы «Интернет конкурсы» халықаралық білімділер сайтында жарияланса, 2017 жылы « Білімді ел» республикалық газетінде  «Құқықтық тәрбие берудің өзекті мәселелері» атты мақаласы жарияланған болатын. 2017 жыл І Халықаралық студенттер арасындағы «ПЕГАС» сайысынан 7/15.31 тобының студенті- Рахмет Аяжан Нүреденқызы — ІІ орын иеленді. І Халықаралық дистанционды педагогикалық конкурсына  «Неке және отбасы құқығы негіздері» тақырыбында қатынасып, диплом иегері атанды. 2016 оқу жылында «Педагогтің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» атты халықаралық онлайн семинарға қатысса, шәкірттері  Ғалымжанова Наргиз, Есенгалиева Асель, Рахмет Аяжан, Бақтығали Айкөркем – «Бүгінгі студент – болашақ маман» атты облыстық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатынасып, сертификат иегері атанды. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқудан Алғыс хатқа ие болды.

Имангазиева Марал Қуанышқызы- Құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы. «Білімді ел» республикалық газетке «Өз құқығың мен міндетіңді білу заман талабы», «Солнечный свет» халықаралық сайтына «Құқығыңды біліп жүр» тақырыптарында мақалалары жарияланған. «Инфоурок», «Видеоурок», «Мультиурок» сайттарына оқу материалдары жарияланған. 2018 жылы колледжішілік педагоикалық оқуларға қатысып,  ІІ орынды иеленді.

Байбосынова Нургул Ерниязовна— Құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы. 2017 жылы колледжішілік «Әдістемелік қоржын» байқауына қатысып, І орын иеленген.

Аманжолова Мадина Арманқызы — Құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы, Заң ғылымдарының магистрі. Жас маман. 2018 жылы PLANET Skills халықаралық ағартушылық жобасы негізінде «Педагогикалық жинақ» Республикалық кәсіби сайысының «Сабақтың үздік презентациясы» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Республикалық ғылыми-әдістемелік  «НұрScience» журналына «Әйел қылмыстылығының түсінігі мен негізгі себептері» атты мақаласы жарияланды.

Байбосынова Нургул Ерниязовна— Құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы. 2017 жылы колледжішілік «Әдістемелік қоржын» байқауына қатысып, І орын иеленген.

Студенттер жетістіктері:

Рақметова Аяжан- 2015-2016 оқу жылында «Интернет конкурсы» жобасынан «ПЕГАС» конкурсы. ІІ орын диплом.

2016-2017 оқу жылында Ғалымжанов Наргиз, Есенгалиева Әсел, Бақтығали Айкөркем, Рақмет Аяжан «Бүгінгі студент-болашақ маман» тақырыбындағы облыстық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы. «Сертификат» иеленді. Ғылыми жетекші-Шайдоллаева А.Н.

2017-2018 оқу жылында Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 3-ші мәрте «Конституцияны жатқа білемін!» атты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдығына арналған облыстық конкурсында Хайрулина Аида  Аманқосқызы І –ші дәрежелі орынды иеленіп, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің білім грантын иеленді.

2017-2018 оқу жылында Қабер Жандос- «Құқық негіздері» пәнінен облыстық олимпиададан  І  орынды иеленді.

2017-2018 оқу жылында Гумаров Ануар- Атырау бизнес және Құқық колледжінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі Облыстық Олимпиададан І  орынды иеленді.

2019-2020 оқу жылында Мун Евгения- ҚР жоғары оқу орындарының, колледждердің, жалпы білім беру мекемелерінің және қосымша білім беру ұйымдарының арасында, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Дарынды жастардың рухани келбеті» ІІ республикалық үздік ғылыми жоба байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.