Колледжде Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті

Бүгін, 31 наурыз күні Атырау облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығы пен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің бірлесуімен “Қазіргі заманғы инновациялық даму құралдары мен тетіктері” тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа инновацияларды, технологияларды зерттеу және енгізу. Ғылыми және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу  болып табылады.

Конференцияға Атырау, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Ақтөбе, Қазалы, Семей, Алматы өңірлерінен, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысынан әріптестеріміз қатынасты. 

Конференция 4 түрлі бағыт бойынша қамтылды:
1. Жаңартылған оқыту бағдарламасының өзектілігі,
2. Дуалдық және модульдік құзіреттілік,
3. Кредиттік технологияларды оқу үрдісінде пайдалану,
4. Қашықтан оқытудың тиімділігі;

Алғашқылардың бірі болып Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Елдос Хамзин алғы сөз алып, конференцияның маңыздылығына тоқталды.

Конференция 2 түрлі секцияда ұйымдастырылды.

1-cекцияда Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің  директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұхтар Зинур, 2-секцияда Атырау облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының бөлім басшысы
Бегалиева Гулнар жұмыс жасады.

Іс-шара барысында түрлі баяндамалар оқылып, қатысушылар арасында өзара пікір алмасу болды.

1-секция
2-секция

Сертификаттарды жүктеу

Конференция материалдарын жүктеу

3
Пікір қалдыру

avatar
3 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
ГалымжанЖанарЕсетова Мира Климовна Авторы недавних комментариев
  Жазылу  
новее старее большинство голосов
Жазылу түрі
Есетова Мира Климовна
Гость
Есетова Мира Климовна

Республикалық конференцияда еліміздің өңірлеріндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері озық тәжірибелерімен бөлісіп, оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушыларға, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін.

Лауазымыңыз
Арнайы пәндер оқытушысы
Жанар
Гость
Жанар

Конференция жоғары деңгейде өткізілді.Атырау обл.Білім беру басқ.әдіст.орталығы мен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжіне, әсіресе колледж әдіскері — Салтанат Қосаевнаға көптен- көп рақмет айтамыз.Сіздерге мықты денсаулық, толағай табыстар тілейміз. Нұр- Сұлтан қаласы.Техникалық колледж.

Лауазымыңыз
Оқытушы
Галымжан
Гость
Галымжан

Конференция өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі атынан рахмет

Лауазымыңыз
Преподаватель