Материалдық база

Материалды –техникалық базаны заман талаптарына сай ұдайы кезең-кезеңімен жаңғыртып отыру колледждің 2015-2020; 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында айқын көрсетілген.

2005 жылдан бері колледж иелегіндегі жалпы көлемі 3784,4 шаршы м. қамтитын   2 оқу ғимараты білім алушылар игілігіне қызмет етуде. 2014-2015 оқу жылында аумағы 3823,6 шаршы м. құрайтын  үшінші жаңа ғимарат  пайдалануға берілді.

Колледж ғимараттары тиісті кәсіптер немесе мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарын орындау үшін қажетті компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, арнайы оқу жабдықтарымен және техникалық оқу құралдарымен жарықтандырылған.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру объектісінің жұмысы жолға қойылған. Қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатын көздейтін материалдық және материалдық емес активтер де қарастырылған.

2012 жылғы қараша айында колледж «Техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік Банктің бірлескен «Институционалды даму жоспары» байқауына қатысып, 1304000 «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 380 000 АҚШ долларын құрайтын грантты иеленді. Аталған грант сомасына ақпараттық технология саласындағы заманауи құрал-жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз етулер, т.б. қондырғылар сатып алынды.

«Толық экранға көру» батырмасын басып, бет жүктелгенше күтіңіз.