«Күзгі бал-2019» жеңімпаз кім?

6-қараша күні Салтанат сарайында 1 курс студенттері арасында «Күзгі бал-2019» байқауы өтті. Шараға 4 бөлімнен жалпы 8 жұп қатысты. Қатысушылар таныстыру, сән көрсету және өнер сайыстары бойынша сынға түсті. «Инста пара» номинациясын жеңіп алған аударма ісі мамандығының студенттері Дюсенғалиев Дамир мен Шакова Диана. Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені ақпараттық-техникалық бөлім студенттері Ғаниұлы Ғибрат пен Демеуова Аружан ие болса, І орынды филология бөлімінің студенттері Қалбаев Дәулетбай мен Нұрболатқызы Нұрлы, мұнай және газ бөлімінің студенттері Алимжан Жантұрған мен Ерғалиева Аружан жеңіп алды. ІІ орынды Дюсенғалиев Дамир мен Шакова Диана жеңіп алса, ІІІ орынды құқықтану мамандығының студенттері Лұқпанов Жанболат пен Серікова Мадина және ақпараттық-техникалық бөлім студенттері Халшбек Қайрат пен Оңаева Гүлдерай иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен маратпатталды. Қатысушыларымызды дайындаған ата-аналарға, оқытушылар мен студенттерге алғыс білдіреміз.
#caspiancollege
#psvk
#kdm

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии