Чемпионмен кездесу!

Бүгін Жоғары колледжімізде «Jas Otan» ЖҚ Атырау облыстық филиалының қолдауымен жүзу спортынан әлем кубогінің бірнеше дүркін иегері, Азиада ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежежегі спорт шебері, жерлесіміз Сәлімгереев Ержанмен @swimming.erzhan әсерлі кездесу болды. Кездесу барысында даңқты спортшы жастарға жетістікке жетудің қыр-сырын айтып, «дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқитын студенттерімізді жеңіске жету жолында талмай еңбек етуге шақырды. Студенттеріміз чемпион ағаларына сұрақтар қойып, үлкен спорттағы қиыншылықтар, оларды жеңу жолы туралы керемет мотивациялық кеңес алды. Спорттың биік шыңында жүрген жерлесімізге алдағы байрақты бәсекелерде жеңістер тілейміз!
#caspiancollege
#bizge15jyl

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии