КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ — БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ӨЗІН — ӨЗІ ДАМЫТУЫ.

Кәсіптік тәжірибе: Каспий өңірінің қазіргі
заманғы жоғары колледжі 19.18.21. «МТД» мамандығының білім алушылары тәжірибелік дайындықтан өтуде.
Атырау қаласы, «Жадыра» 55 балабақша-бөбекжайы.
Іс-тәжірибе кезінде студенттер ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында тәжірибе жинақтауда. Білім алушылар тәрбиеші жұмысымен танысып, білімдерін толықтырып шыңдалуда. Тәрбиешінің өткізген оқу іс-әрекетін бақылап, өздері де өткізіп көруде.
* Менің әдіскер ретіндегі мақсатым: практиканттарға әдістемелік әңгімелесу, режимдік үрдістерді, сабақтарды өткізіп көруін ұйымдастыру, кеңес беру.
* Балабақшада: Іші мұнтаздай таза, шағын балабақша іші әдемі көрінді. Балабақша бүлдіршіндері у-шу, әсем күлкілерімен еріксіз күн шуағындай қарсы алды.
* Әдіскермен кездесу: Балабақша әдіскері Назгүл Ізбасарқызы Ориспаева. Жылы жүзді ізгілікпен, мейірімділікпен баурап алды. Студенттерді мамандыққа бейімдеуде тәрбиешілердің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты, колледж студенттеріне ризашылығын білдірді.
* Топтарды аралау: Студент Рақымжанова Шынар би залында. Балалармен бірге билеуде. «Қалпақ» биін тамашаладым, риза болдым.
Ортаңғы топта Сайфуллина Шалқу балаларға ертегі оқуда.
*Ой толғаныс.
Міне, кәсіби дағдыны, бейімділікті байқау мақсатында балабақшада өткізген бір күнім студенттердің мамандыққа деген көзқарасымен ынтасынан ой толғауға да себепші болды. Кәсіптік тәжірибе — болашақ маманның өзін-өзі дамытуы.
* Балабақша басшысы Стамғалиева Баршагүл әріптесіме ризашылығым шексіз. Еңбек жолында шығармашылықпен көріне берсін.

Пікір қалдыру

avatar
  Жазылу  
Жазылу түрі