“Jastar Otanga” белсенді жастардың жаздық лагері өтті.

Ағымды жылдың 22-28 маусым аралығында Жастар жылы аясында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен “Jastar Otanga” белсенді жастардың жаздық лагері өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жиналған дарынды да жалынды жастардың басын қосып, бір арнаға толықтырған лагердің басты мақсаты жастардың тәжірибелерімен бөлісу, бос уақыттарын тиімді пайдалану. Аталмыш лагерге колледжіміздің жастар комитетінің инспекторы және белсенді жастары қатысқан болатын. Лагерь соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии