IT Skills PSVK

8 қарашада ІТ-мамандықтардың кезекті «IT Skills PSVK» байқауы өтті. Бұл байқауда «Графикалық дизайн», «Информатика», «Компьютерлік техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету» 3 құзырет ұсынылды.
Графикалық дизайн бөлімінде студенттер корпоративтік сәйкестікпен жұмыс істеді: олар ПСВК студенттері мен оқытушылары үшін визиткаларды жасап, бейдждерді қайта безендірді. Қызықты жұмыстар мен дизайнерлік шешімдерді Сатым Мұқан, Сулейманов Ислам, Әбішев Нұрдәулет және Мурсалимов Эльдар қатынасып өз жұмыстарын ұсынды.
Компьютерлік техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету секциясында кабельді қысу, компьютердің жүйелік блоктарын құрастыру және бөлшектеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Кабельді коннекторға жалғау бойынша бағын сынап көргісі келгендердің бәрі сынаушының көмегімен қысқыштың сапасын бірден тексерді. Бұл сайыста өз қызығушылығын танытып, атсалысқан студенттер қатарынан Саламатұлы Дастан, Шакизада Фатима, Жаңбырбаев Әлішер, Адаева Елена және басқа 2, 3, 4 курс студенттерін атап өтуге болады.
4.19.33 тобының үшінші курс студенттері Ренат Бадаубаев пен Есбол Саметов компьютердің жүйелік блогын құрастыру және бөлшектеу сайысында жақсы өнер көрсетті. Байқаулар мен шеберлік сыныптарға атсалысқан қатысушыларын құттықтаймыз.

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии