«Еріктілер жылында біз не істеуіміз керек?» колледж белсенділерімен кездесу

Бүгін, 2020 жылдың 5 ақпанында жоғары колледжіміздің директоры Мұхтаров Мұстахим Харенұлының белсенді студенттермен кездесуі болып өтті.
Кездесуге колледжіміздің студенттік президенті және оның орынбасарлары, әр бөлімнің студенттік декандары мен белсенді жастар қатысты.
Еркін ой алмасу түрінде өткен жиынды колледж директоры Мұстахим Харенұлы ашты. Өз сөзінде, мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Осыған орай, «Елімізде еріктілік қаншалықты дамыған?» және «Еріктілер жылында біз не істеуіміз керек?» деп келіп, алдағы уақытта жасалар жоспарды нақтылады.
Жоғары колледжіміздің студенттерінің жалпы тәртібі сөз болып, жаңа құрамға қосылған белсенді жастарға ізгі тілектер айтылды. Студенттер өз ұсыныстарын айтып,көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Жиын соңында алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.
#caspiancollege
#psvk

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии