Экономика және құқықтану бөлімі

Бөлімнің аты: Экономика және құқықтану бөлімі

Бөлім меңгерушісінің аты-жөні:

Кабдирова Нурлан Хамидоллаевна
Жоғары санатты, тарих, қоғамтану, құқық негіздері пәндерінің оқытушысы

Мамандықтар:

  1. 0516000 Қаржылар, біліктілігі 0516053 Қаржы жұмысы бойынша экономист
  2. 0515000 Менеджмент, біліктілігі 0515013 Менеджер
  3. 0518000 Есеп және аудит, біліктілігі 0518033 Экономист — бухгалтер
  4. 0201000 Құқықтану, біліктілігі 0201023 Кеңесші-заңгер

Бөлім тарихы

Экономика және құқықтану бөлімі 2013-2014 оқу жылынан бастап «Әлеуметтік – гуманитарлық бөлім»  болып құрылды. 2017-2018 оқу жылынан бастап бөлімнің атауы «Экономика және құқықтану» бөлімі деп өзгертілді.

Бөлімнің басты мақсаты:  бәсекеге қабілетті, кәсіби сауаттылығы жоғары, еңбек нарығында сұранысқа ие маман даярлау     

Бөлімнің алға қойған міндеттері:

-Оқу үрдісіне жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды енгізу;

-Шығармашылыққа және  өзін өзі тануға бейімделген, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамытуға жұмыстану;

-Болашақ мамандардың кәсіпке бейімделу мүмкіншіліктерін дамыту.  

Бөлім  жұмысының басым бағыттары:

-Өзін өзі бақылау, өз білімін жетілдіре білу қабілеттерін дамыту, колледж ішінде білім алуға  лайықты жағдайлар жасау;

-Студенттердің ғылыми- шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-Студенттердің бейімделу қабілетін  және дарындылығын дамыту  жұмыстарын жүргізу;

-Білім сапасын арттыру мақсатында оқытушылардың жұмысын мониторингтеу.

Бөлімге қарасты 4  мамандық қызмет атақарады.Бөлімде білікті де, кәсіби мамандар дәріс береді. Экономика және құқықтану бөлімі жыл сайынға өтетін дәстүрлі Республикалық, облыстық деңгейдегі білімділік және тәрбиелік бағыттағы іс – шараларға белсенділікпен қатынасады.

Әлеуметтік серіктестер

1. ЖШС «Байтау Партнерс»

2. ЖШС «МАКАТТЕХСЕРВИС»

3. АҚ «JUSAN BANK»

4. АҚ «АТФ Банк»

5. «ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен»

6. АҚ «ForteBank» 

7. ЖШС «Техно-Мобиль»

8. ЖШС «Каспий Ойл Секьюрити»

9.  «МЕКЕН» шаруашылық қожалығы

10 «Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті»

11. АҚ «Ресей Жинақ Банкі

12. АҚ «Еуразиялық Банк»

13. «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті»

14.  «Атырау облыстық нотариаттар палатасы»

15. «ҚР Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Жеке сот орындаушысы  М.А.Батырхаирова»

16. «ҚР Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Жеке сот орындаушысы  Б.Кадиров»

17. «Национальная палата предпринимателей РК «Атамекен»

18. ЖШС «Трансжол-трейд»

19. «ҚР Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Жеке сот орындаушысы  Түсіпов Е.О.»

20. «ҚР Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Жеке сот орындаушысы  Тажингалиев Б.К.»

21. «ҚР Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Жеке сот орындаушысы Танауова Ж.С.»

Бөлімге қарасты кафедралар

1.Экономика кафедрасы

2.Құқықтану  кафедрасы

Үйірмелер жұмысы

1.Экономика  кафедрасы бойынша 2015-2016 оқу жылында «Бәрін білгім келеді» жас экономистер клубы  өз жұмысын бастады.  

Үйірме жұмысының мақсаты:

 Студенттердің  арнайы пәндері бойынша әр түрлі тренингтер, сайыс сабақтар, тәрбиелік шаралар өткізе отырып, білімдерін арттыру,

Экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу,

Студенттердің өз бетімен ой қорытып, тұжырым жасай білуге және пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту,

Білімдерін жетілдіруге, топ болып ұжымдаса қызмет етуге баулу.

Студенттердің арасында пікір – сайыс бағдарламасының кеңінен таралуына ат салысу; Клубтың әр мүшесінің пікір – сайыс теориясын жетік білуін және осы бағытта үнемі ізденісте болуына ықпал ету; Жинақталған білім мен тәжірибенің тереңдетіліп, келесі лектегі пікір – сайысшыларға жеткізілуіне септігін тигізу; Қазақстан Республикасының Жастар саясаты жөніндегі заңы аясында басқа да шаралар атқару және оларға қатысу;

2. Құқықтану  кафедрасы бойынша 2015-2016 оқу жылында ««Ақиқат» клубы жас құқықтанушыларға арналған клуб өз жұмысын бастады.

«Ақиқат» клубының мақсаты мен міндеті:

— Студенттерді мамандыққа бағдарлау;

— Студенттердің өзіндік пікірі мен өзіндік «менін» қалыптастыру;

-Клубта атқарылатын жұмыстар арқылы адамгершілікке, кішіпейілдікке,парасаттылыққа тәрбиелеу;

— Мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және  жауапкершілікке тәрбиелеу;

— студенттердің құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру;

— студенттің саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;

— Студенттерді шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру;

— Жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Үйірме жұмысы барысында әртүрлі тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын,  драмалық көрініспен көрсетуді  пайдаланауда.  Жұмыс жоспары, үйірме құрамы  жасақталып, бекітілген. Үйірме отырыстарының хаттамалары тіркелген. Әр оқу жылында атқарылған жұмысы жөнінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жанындағы отырыстарда есеп беріп отырады.