Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі, Атырау облысының білім беру басқармасының әдістемелік орталығы және Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжімен біріккен «Еңбек нарығының қазіргі заманғы тенденцияларын ескере отырып, ТжКБ-дағы инновациялық білім беру қызметінің өзекті бағыттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.
✅ «Жоғары білікті мамандарды даярлаудағы модульдік-құзыреттілік тәсілдің алатын орны;
✅Модульды және дуальды оқыту әлеуметтік серіктестікті нығайту факторы ретінде;
✅WorldSkills чемпионатын өткізу технологиясы» бағыттары бойынша;
✅«Білім берудегі заманауи тәсілдер»;
✅«Білім беруде IT технологияларды қолдану» бағыттары бойынша ғылыми-практикалық қызметтегі халықаралық тәжірибемен алмасу болды.
Қазақстандағы және алыс жақын шетелдердегі яғни, Қырғызстан мемлекетінен, Астрахань, Омбы облыстарынан, ТжКББ оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, жұмыс берушілер мен бизнес өкілдері қатынасты.

Өңірде жаңашылдықтарды, озық тәжірибелерді халықаралық деңгейде тарату мақсатында жоғары колледж жұмысын жалғастыра береді.

Сертификаттарды жүктеу

Пікір қалдыру

avatar
  Жазылу  
Жазылу түрі