Bizge 15 jyl!

⭐БІЗГЕ 15 ЖЫЛ⭐
2019 жылдың қараша айының 1 жұлдызында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің «Асуды бағындырған 15 жыл» атты мерекелік кеші Облыстық халық шығармашылық орталығында ұйымдастырылды. Салтанатты шараны жоғары колледжіміздің директоры Мухтаров Мустахим Харенович ашып, 15 жыл ішінде жоғары колледжіміздің барлық жетістіктерін атап өтіп, еліміздің мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларына, халықаралық ұйымдар мен түрлі салаларға білікті мамандар даярлап келе жатқанын жеткізді және де жоғары колледжімізді мерей тойымен құттықтауға қазіргі таңда үлкен белестерде көрініп жүрген колледжімізді бітірген түлектер де келіп құттықтау тілектерін білдірді. Сонымен қоса колледжіміздің бірқатар оқытушыларына құрмет грамоталары, алғысхаттары мен медальдары табысталды.
Video by: @aza_saianov
#caspiancollege
#bizge15jyl

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии