Ақпараттық-техникалық бөлім

Бөлімнің аты: Ақпараттық – техникалық

Бөлім меңгерушісінің аты-жөні: 

Иманалиева Самал Тулеушовна І І — санатты, арнайы пәндер оқытушысы

Мамандықтар (біліктілігімен бірге):

Мамандықтар атауы Біліктілік атаулары Оқу мерзімі
1 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 1304043 «Техник-бағдарламашы»   9 сынып базасында -3жыл,10ай; 11 сынып базасында – 2жыл, 10ай
2 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 104094 Есептеу техникасы бойынша бағдарламашы бағдарламашы қолданбалы бакалавр 11 сынып базасында –2жыл, 10ай; Кәсіптік арнауыл білімнен кейін – 10ай
3 1305000 «Ақпараттық жүйелер»   1305023 «Техник-бағдарламашы»   9 сынып базасында -3жыл,10ай; 11 сынып базасында – 2жыл, 10ай
4 1302000 – Автоматтандыру және басқару 1302023  «Электромеханик» 9 сынып базасында -3жыл,10ай; 11 сынып базасында – 2жыл, 10ай
5 0902000 – Электрмен қамтамасыз ету 0902033 «Техник-электрик» 9 сынып базасында -3жыл,10ай; 11 сынып базасында – 2жыл, 10ай       
6 1306000 – Радиоэлектоника және байланыс 1306093 – «Байланыс технигі» 9 сынып базасында -3жыл,10ай; 11 сынып базасында – 2жыл, 10ай       

Бөлім туралы ақпарат

Ақпараттық — техникалық бөлімі 2008-2009 оқу жылынан бастап бөлім болып құрылды.

Бөлім жұмысының  мақсаты— ақпараттық технологияны қолдану арқылы студенттерге білім негіздерін бере отырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Әдістемелік  тақырыбы: Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттерді қалыптастыру.

Бөлімнің алға қойған міндеттері:

  • Материалды- техникалық базасын дамыту, оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды ендіру, оқытушылар мен білім алушылардың арасында компютерлік сауаттылықты дамыту;
  • Оқушылардың денсаулығын сақтау және  оларға салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жетілдіру;
  • Шығармашылыққа және  өзін өзі тануға бейімделген, дені және рухы таза  тұлғаны дамытуға жұмыстану;
  • Болашақ мамандардың бейімделу мүмкіншіліктерін дамыту мақсатында білім берудің жалпы мәдениеттілік бағытын күшейту;  

Бөлім  жұмысының басым бағыттары:

  • Өзін өзі бақылау, өз білімін жетілдіре білу қабілеттерін дамыту, колледж ішінде білім алуға  лайықты жағдайлар жасау;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Оқушылардың бейімделу қабілетін  және дарындылығын дамыту  жұмыстарын жүргізу;
  • Білім сапасын дамыту мақсатында оқушылардың білімін мониторингтеу.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  •  Бөлім мәжілісінің жұмысы;
  • Бірыңғай әдістемелік  тақырып жасақтау;
  • Бөлім, ПЦК жұмысы;
  • Оқытушылардың өз білімін көтеруі  және біліктілігін жетілдіру;
  • Озық педагогикалық тәжірибені тарату;
  • Әдістемелік кеңес қызметі;
  • Жас мамандармен жұмыс;
  • Педагог қызметкерлерді аттестаттау;
  • Мониторинг қызметі;
  • Әлеуметтік серіктестермен жұмыс;

Бөлімге қарасты 5 мамандық қызмет атақарады.Бөлімде білікті де , кәсіби мамандар дәріс береді. Ақпараттық — техникалық бөлімі жыл сайынғы өтетін дәстүрлі Республикалық , облыстық деңгейдегі білімділік және тәрбиелік бағыттағы іс – шараларға белсенділікпен қатынасады.

Әлеуметтік серіктестер

  1. Тиберти-ELECTRIC ЖШС
  2. «Мунай-Сервис ЛТД» ЖШС
  3. «IQS Engineering» ЖШС
  4. «Западная Монтажна Организация-Энергия»ЖШС
  5. Атырау облыстық филиалы «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ
  6. «Авалон групп плюс» ЖШС
  7. «ASTEL» АҚ
  8. «Гате ИНшаат Таахют Санайн ве Тиджарет» АҚ
  9. «КАСИЙМУНАЙГАЗ» НИПИ  АҚ
  10. «Актаутранстелеком» АҚ
  11. «КазТЕСТ» ЖШС
  12. «Белый квадрат» ЖШС
  13. «Саянов» ЖК
  14. «Эталон» ЖШС
  15. «Расер» ЖК
  16. «Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ
  17. Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  18. «Гате иншаат таахют санайн ве Тиджарет»  АҚ
  19. «Махаттехсервис» ЖШС
  20. «Макат-су Е»  ЖШС
  21. «Peopleog service» ЖШС
  22. «Трансжол-Трейд» ЖШС

Бөлімге қарасты кафедралар

1.  «Бағдарламалық инженерия» кафедрасы

2. «Автоматика, энергетка және радиобайланыс» арнайы пәндер кафедрасы

Үйірмелер жұмысы

«Автоматика, энергетика және радиобайланыс» арнайы кафедрасы бойынша «Электро — мехник», «Жас электрик» үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме жұмысының мақсаты: Барлық еңбек түрі формасы бойынша белсенді іс –әрекет қабілетін қалыптастыру. Болашақ маман, бүгінгі студенттің өзінің болашақ мамандығында білімді таза күйінде пайдаланудан гөрі, оның нақтылы практикалық жағдайларда қолдана білу қабілетін арттыру. «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында «Додекаэдр», «Программисттер», «Компбютер-сервис», «NEW-DESIGB» үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме жұмысының мақсаты: ақпараттық жүйелер саласындағы заманауи технологияларды жетік меңгерген, үйлесімді дамыған, қоғам мен мемлекеттің талаптарына сай жоғары білімді азамат дайындау; жеке тұлғаны әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті, қоғам мен еңбек нарығында талап етілген кәсіби және әлеуметтік компетенцияларды меңгеруге бағыттау.