Педагогикалық оқулар байқауы өтті

28 қаңтарда колледжішілік оқытушылар арасында «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқулар өтті.

Педагогикалық оқулардың негізгі мақсаттары:

— колледж оқытушыларының кәсіби деңгейін көтеру;

— үздік педагогикалық тәжірибені анықтау және танымал ету;

— ұсынылған жұмыстар мен олардың презентацияларының мәліметтер банкін құру

— облыстық педагогикалық оқуларға жұмыстар дайындау.

Педагогикалық оқулардың міндеттері:

— педагогикалық кадрлардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау:

— білім беру үдерісіне озық педагогикалық тәжірибені енгізуге көмектесу.

Сіздердің назарларыңызға баяндамаға қойылатын критерийлер  ұсынылды:

1. Тақырыптың оқулар тақырыбына сәйкестігі.

2. Баяндама мазмұнының оның тақырыбымен сәйкестігі және тақырыптың ашылуының толықтығы.

3. Идеяларды жүзеге асырудың механизмдері;

4. алынған немесе болжанған нәтиже;

5. Мәселені шешудің болашағы.

Педагогикалық оқуларға:

«Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» кафедрасы Ахметов Т.Е.
«Жалпы білім беретін жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер» кафедрасы Шахимаова А.А.
«Шетел тілі пәндері»кафедрасы Ахмедиева А.Ғ.
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы Абишева Ф.Н.
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы Абдрахманова Б.Н.
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы Иманалиева С.Т.
«Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасы Джумагазиева З.Б.
«Құқықтану»кафедрасы Дюсенова З.А.
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасы Муханова А.Т
«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасы Муканова М.К.
«Дене шынықтыру және спорт»кафедрасы Айпкалиев А.С.
«Экономика» кафедрасы Дербисинова В.К.
«Мұнай және газ» кафедрасы Уразов Н.М.

ұсыныс беріп қатысты.

Нәтижесінде:

Ахмедиева Ақтоты Ғалымжанқызы — 1-орын

Шахимова Алия Асылбековна — 1-орын

Муханова Альбина Тулеуовна- 2-орын

Ахметов Турлан Еркинович — 3-орын

Дюсенова Зульфия Амангалиевна — алғыс хат

Муханова Мейрамгул Кадирбековна-алғыс хат

Айпкалиев Айдос Серікбайұлы- алғыс хат

Уразов Нуржан Мураткалиевич — алғыс хат

Пікір қалдыру

avatar
  Жазылу  
Жазылу түрі