«Жыл оқытушысы-2021» байқауы өтті

2020-2021 оқу жылына арналған колледж әдіскерінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 25-28 қаңтар аралығында колледжішілік оқытушылары арасында кәсіби байқаулар өтті.

Талантты,  шығармашылықпен жұмыс  жасайтын  оқытушыларды  анықтау; Шығармашылықпен  жұмыс  жасайтын  оқытушылардың  педагогикалық еңбек  өтілін  насихаттау; Оқытушылардың ізденімпаздық  қызметке және  кәсіби шыңдалуға  ынталандыру мақсатында қаңтардың 25-26 аралығында  «Жыл оқытушысы- 2021»  кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Жалпы білім беретін жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер» кафедрасынан Доскалиева А.М.; «Шетел тілі пәндері»кафедрасынан Байданова Н.М.; «Автоматика,энергетика және радиобайланыс» кафедрасынан Зинетуллина Ф.М; «Бағдарламалық инженерия» кафедрасынан Ниязова А.А.; «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасынан Ищанова А.М. «Экономика» кафедрасынан Куспанова Б.К. қатысты.

Байқау  төрт кезеңнен тұрды:

І кезең  «Сырттай»:

  • Қатысушының  портфолиосы – 5 ұпай;
  • «Педагогикалық  эссе» — 5 ұпай;

ІІ кезең «Педагогикалық»:

  • Қатысушының  визит  картасы (5 минут) – 10 ұпай
  • Кәсіби бағытты  қорғау (5 минут) – 10 ұпай

ІІІ  кезең  «Интеллектуальды-шығармашыл»

  • Ерікті  түрде  таңдалған  тақырыпқа  кураторлық  сағат (панорама) – 5 ұпай;
  • «Жаңа  педагогикалық технологияларды  пайдалану»  тақырыбындағы  панорамалық сабақты  қорғау (15-20 минут) – 5 ұпай;
  • «Мұғалімнің  психология-педагогикалық және  әдістемелік құзыреттілігі»  тестілеу.
  •  

IV кезең  «Шығармашылық»:

  • «Педагог» конкурсы (Кафедра  мүшелері, студенттері байқауға  қатысушы оқытушының  жетістіктерін  байқатады, қатысушы аталған  кезеңге  қатыспайды), (7-10 минут) – 10 ұпай;
  • «Менің  шығармашылығым»  байқауы (өзіндік  қызығушылықтары мен  жеке  қабілеттерін көрсететін  презентация) – (5-7 минут) – 10 ұпай

Ең жоғары  ұпай — 60 

Байқау нәтижесінде:

Куспанова Ботагоз Кунтугановна- 2-орын

Ищанова Айтбике Махыбиденқызы-3-орын

Доскалиева Айдана Муратоовна-алғыс хат

Зинетуллина Фарида Мергеновна-алғыс хат

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии