«Студенттер күніне»

🔰Атырау облысы Білім беру басқармасының Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының 17 қараша-«Студенттер күніне» орай іс-шаралар жоспарына сәйкес Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің Саналы ұрпақ клубының студенттерінің ұйымдастыруымен “Жастар салауатты өмір салтын қолдайды” ұранымен есірткісіз өмірді қолдау мақсатында «Шытырман» QUEST ойыны ұйымдастырылды!
Квест шарты бойынша студенттерге тапсырмаларды орындау арқылы пазл жинау қажет болды! Өзіне сәйкес түсті пазлды жинақтау үшін студенттер ән айтып, билеп, есептер шығарып тіпті сәйкестендіру тапсырмаларын орындаған болатын.
Шытырманшылар күннің суығына қарамай барлық тапсырмаларды орындап, жеңіске деген ынтасын ерекше көрсете білді. Quest қорытындысы бойынша
1 орын- @aik_college20
2 орын- @atyrau_politechnic
3 орын- @atyrau_transport_college
Алғыс хат — @agk_gum
Алғыс хат- @atyraumuzykakolledzh
Алғыс хат- @atyrau_servis_college
Алғыс хат — @aesk_kolledzh_official
Алғыс хат — @akbip.college