«WorldSkills Kazakhstan – 2021»

2021 жылдың 2- 6 қараша күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» Ұлттық чемпионаты өтті.
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдау¬ла¬рында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін барынша дамыту керектігіне мән беріп келеді.
«WorldSkills – жұмысшы кәсі¬бінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті наси¬хаттауды мақсат ететін коммер¬циялық емес қозғалыс. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие». Соған орай осы жылы республикалық деңгейде алғаш рет Атырау облысының намысын Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша студентіміз Орынбаева Алина бақ сынады.
Бұл чемпионатты өткізу — міндетті түрде жалғастыру қажет әрі маңызды іс. Жастарды оқытып, олардың дағдыларын жетілдіру — бұл үлкен жұмыс. Біз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырыстық, бірақ әлі де істелуі керек істер бар, шеберлікті шыңдау қажет. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген колледждердің шәкірттерінің осындай алаңда өз шеберліктерін қалай көрсетіп жүргеніне куә болдық.
“Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша чемпионатты өткізген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне және барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!
Орынбаева Алина:
Мен Орынбаева Алина “Бастауыш сыныптарда оқыту” құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионатқа алғаш рет қатыстым. Кәсіби маман болып қалыптасуыма, жаңашыл идеяны басшылыққа ала отырып мамандыққа сәйкес берілген тапсырманы өз дәрежемде орындап шықтым. WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі. Бұл жас¬тар арасында үлкен беделге ие. Мамандыққа сәйкес 4 модуль бойынша тапсырма берілді. Әр модуль сәйкесінше кәсібилікті шыңдауға,жан-жақты ойлауға,тың идеяны жүзеге асыруға мүмкіндікке ие. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт болды.