«GAME MASTER» ойын қолданбалары мен бағдарламалары

11 қарашада Каспий өңіріінң өазіргі заманғы жоғары колледжінде “Game master”ойын қолданбалары байқауы өтті. Сайысқа қатысқан студенттер әртүрлі платформаларда және әртүрлі бағдарламалау орталарында әзірленген ойындарын көрсетті.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар кешенін құрастырғаны үшін бірінші орын қолданбалы бакалавриаттың 5 курс 4.21.51 тобының студенті Ян Кондрашовқа берілді. Ол 4 ойын ұсынды.«Гонки», «Найди отличия», «Считалочка», и «Цветовой тренажер».
Екінші орынды 4.19.33 тобының студенті Канцев Артем «Farm TD» ойын бағдарламасын, 4.18.42 тобының студенті Сағынов Бейбарыс C# редакторында жасалған ойынмен бөлісті.
ІІІ орынды Мурсалимов Эльдар 4.18.44 тобының студенті «Танчики» ойынымен, 4.19.33 тобының студенті Әбішев Нұрдәулет «Ұстап ал» ойынымен және Құбайдуллаев Даниал «Лабиринт» және «Танки» ойындарын көрсетіп аталған орындарға ие болды.
Сайыскерлерімізге одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз, сонымен қатар компьютерлік ойындарды бағдарламалау және әзірлеу дағдыларын шыңдай түсуіне тілектеспіз.