«Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері және жоспарлау» тақырыбында семинар өткізілді

Педагогикалық мамандықтар бойынша бітіруші студенттерге арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері және жоспарлау» тақырыбындағы мобильді консультативті-әдістемелік оқыту семинары өтті.
Әдістемелік орталықтың педагог мамандар даярлайтын колледждердің бітіруші студенттеріне арналған жаңа жобасы алғашқы жұмысын біздің Жоғары колледжімізден бастады. Әдістемелік орталық әдіскері Жалмуханова Балауса ханым “Бастауыш білім беру”, “Негізгі орта білім” мамандықтары бойынша білім алып жатырған түлектерге білім беру жүйесіндегі трендтер, жаңартылған білім беру мазмұны жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.
Студенттеріміздің жаңаша ойлауына себепкер бола білгені үшін, кәсіби маман болып қалыптасуға бағдар бере білгені үшін Әдістемелік орталық әдіскері Жалмуханова Балауса ханымға риясыз алғысымызды білдіреміз!
2 күнге созылған оқыту семинары студенттеріміздің болашақ еңбек жолдарына өз көмегін тигізіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік болды деп есептейміз.

«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» АТТЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Тұңғыш Президент күніне орай Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтіп жатырған «Мен жастарға сенемін» IX Республикалық патриоттық форумы аясында жоғары колледж белсенді студенттері қатынасып «Тәуелсіздік және жастар» номинациясы бойынша «Үздік» деп таңылды. Атап өту керек, шараға әр өңірден 2000ның үстінде ЖОО мен колледждер студенттерінен өтініш түсіп, 103 қатысушы финалға жолдама алған болатын. Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Облыстық спартакиада

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жыл толуына орай, 23 қараша күні өңіріміздегі колледж және жоғары оқу орындары арасында Атырау облысы білім беру басқармасының 19.10.2021ж. күнгі № 317 бұйрығына сәйкес, облыстық спартакиада ұйымдастырылды.
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі оқытушыларынан құралған команда футзалдан алғашқы ойында жоғары колледжіміздің командасы «Қызылқоға көп бейінді» колледжін 7:0 есебімен ұтқан болатын. Екінші ойында «Бизнес және құқық» колледжін 3:1 есебімен жеңіп,жартылай финалға жолдама алды.  

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж оқытушыларына алдағы облыстық спартакиада ойындарында ЖЕҢІС тілейміз !!!

«Бір ел — бір кітап. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің кітапханасында «Бір ел- бір кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Байешова Ғалия Сәлімжанқызы ZOOM платформасы арқылы қосылды. «Сенім» элитарлы мектеп- балабақша кешенінің кітапханашысы Қали Римма Амирқызы Ы.Алтынсариннің «Өнер- білім бар жұрттар…» кітабын таныстырды. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының мамандары «30 жылдыққа -30 кітап» тізіміне енген кітаптарды таныстырып, қысқаша түсіндірме беріп өтті.
Қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы Жұмаш Данагүл Русланқызы — «Алғашқы айлар» (М.Иманжанов) туралы әңгімелеп берді. 
Сонымен қатар, негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиет оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1/21.11 топ студенттері өздерінің оқыған кітаптарын талқылады. Атап айтсақ, Лимарова Венера — «Дарабоз» (Қабдеш Жұмаділов), Жумабаева Инкар — «Алғашқы мұсылман Хадиша ради Аллаһу анһа» (Абдулла Кулькибаев), Аралбай Бекзат — «Аq pen Qara » (Бағлан Әбдірайым), Серикова Жулдыз — «Хочу и буду» (Михаил Лабковский) кітаптарын таныстырып, көрермен студенттерге оқуға кеңес білдірді. Жоғары колледж кітапханашысы Ирина Анатольевна Броварник шараны қорытындылап, атсалысқан студенттерді сертификаттармен марапаттады және «Абайдың қара сөздері» жиынттығын сыйға тартты.

Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру

Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық бола аламыз. Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Жоғары колледжіміздің жас мамандарына арналған «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» атты әдістемелік кеңес аясында арнайы семинар өткізілді. Жоғары колледжімізде құрылған «Жас мамандар мектебі» жетекшісі Молдашева Роза Жабеновна сөз алып, семинардың мақсатымен таныстырып өтті. Семинар төңірегінде жас мамандарды педагогикалық шеберлікке баули отырып, сабақ типологиясын зерттеуді игерту бір бөлек жұмыс болса, әдістемелік көмек (қолдау) көрсете отырып, кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға үлес қосу ол да бір үлкен жұмыс екендігін атап өтті. Кейін Жоғары колледж әдіскері Саргалиева Салтанат Косаевна «Күнделікті сабақ жоспарын жазу тәсілі жайында» сөз қозғап, жас мамандарға үлкен әдістемелік көмек көрсетті.
Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде ата-аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу. Колледж құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру. Студенттердің жеке құжаттары, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілу тиіс. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау, оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер қоса берілді.