Білім күнімен!

Құрметті әріптестер! Қымбатты ата-аналар және студенттер! Сіздерді бүгінгі Білім күнімен  және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің Колледж бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы нәтижелі еңбегінің арқасында  2018 жылы «жоғары колледж» статусына ие болса, биылғы жылы «ARQA» Халықаралық аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуінен өтіп, тағы бір мәрте колледж имиджінің жоғарылауына қол жеткізді.

Жоғары танымалдық сипатқа ие оқу орнына арман арқалап ағылған жастардың саны жыл сайын артып, олардың  үкілеген үміттері ақталып келеді. Бастысы тәрбие мен сапалы білімнің арқасында еліміздің Білікті Азаматы болып қалыптасқандарын зор мақтанышпен айта аламыз. Бүгінгі күні Колледж ұлағатты ұстаздарымен толыққан ұжым татулығымен бедел биігінен көріне білді, ата-ана аманаты ақталып,  жұртшылық сенімі арта түсті.

Мұнайлы өлке Атыраудың құшағында орналасқан Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжіне биылғы оқу жылында жаңа леп қосылғалы тұр. Осыдан 2 ай бұрын колледж табалдырығында білім алып, бүгінгі күні «Жас маман» атанып, бірқатар түлектеріміз алтын ордасынан самғап ұшқан болатын. Ал, қазіргі сәтте алдыңғы буынның ізін жалғап, үлкен арман әлемін шарлап, жоғары колледжге түссем деген ізгі ой қалықтаған талапкерлер үлкен тебіреніспен жаңа өмірге қадам басты. Сіздер бүгіннен бастап Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің студенті атандыңыздар. Заман талабына сай білім-ғылыммен қаруландырып, бәсекеге қабілетті маман дайындауда өз жолы бар Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжін таңдағандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін! Сіздердің келгендеріңіз жаңа толқын. Жаңа толқын алдыңғы толқыннан да биік болады. Сондықтан да, сіздердің білім жолындағы нәтижелеріңіз де аласармайды  деп сенемін.

Сіздерге жаңа шыңдарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, ал ұжым оқытушыларына жұмысқа деген шығармашылық құлшыныс тілеймін және еліміздегі індетке байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту арқылы жүзе асырылатындықтан жауапкершілік танытуға шақырамын.

Мереке құтты болсын! Колледж директоры п.ғ.к., профессор М.Х.Мұхтаров

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии