ЫНТЫМАҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасын тауып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай бергей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Баршаңыздың шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін!

Игі тілекпен, колледж директоры Мухтаров Мустахим Харенұлы

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии