Әлем чемпионы

Қараша айының 5-7 аралығында Түркия елінің Стамбул қаласында өтіп жатқан әлем Чемпионатында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы 21/19.31 тобында оқитын  студенті Сайнов Бекзат 16-17 жас кумитэ (kansei shiai) -61 кг салмақ дәрежесінде Әлем Чемпионы атанды. 1-ші жекпе жекте Чехия елінің спортшысымен кездесіп 2:0 есебімен жеңіске жетті. 2-ші жекпе жекте Румыния елінің спортшысын кездесіп 2:1 есебімен тізе бүктірді. Финалға шығатын жекпе жекте Болгария елінің спортшысымен кездесіп, уақытынан бұрын жеңісті қанжығасына байлады. Финалдық жекпе жекте Венгрия елінің спортшысын белгіленген уақыттан бұрын ерте ұтып, Әлем чемпионы атанды.

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии