Ұжымның аяулы арулары!!!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген қанатты сөз тауып айтылғандай. Расымен де, ұрпақ бойына тілімізді, қасиет тұнған салтымыз бен ғұрпымызды ана сүті арқылы санаға сіңдіретін де – Сіздер! Әр үйдің, әр отбасының берекесін кіргізетін де – Сіздер!

Сіздер, тіпті, ұжымда да Ерекшесіздер! Өйткені, Білім беру саласының қиындау тұстарына сабырлық танытып, аянбай қызмет етіп жүрген озат тәжірибелі жансыздар. Сондай-ақ, Жоғары колледжіміздің алдыңғы лектен көрініп, білім алушыларымыздың әрі тұлға, әрі кәсіби маман болып қалыптасу үрдісінде Сіздердің ұстаздық қабілет пен ұжымдық игі істеріңіздің рөлі зор деп білемін.

Осындай, керемет мереке қарсаңында Жер-Ананың тұла бойынан нәр алып, сәніне сән қосқан Сіздерге көктемнің көңіліндей шуақты күндер тілеймін!

Сіздер жаққан сәулелі шырақ сөнбесін! Мерекелеріңізбен, аяулы ардақтылар!

Ізгі ниетпен, жоғары колледж директоры М.Х.Мұхтаров

Пікір қалдыру

avatar
  Жазылу  
Жазылу түрі