«Демонстрациялық емтихан «WorldSkills» талаптары бойынша білім алушыларды аттестаттаудың жаңа форматы»

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде 2021 жылдың 13 қазанында «Демонстрациялық емтихан «WorldSkills» талаптары бойынша білім алушыларды аттестаттаудың жаңа форматы» тақырыбында семинар өтті.

Демонстрациялық емтихан элементтерін енгізудің мақсаты -Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің /ҚӨҚЗЖК/ білім беру бағдарламаларын игеру нәтижелерінің WorldSkills стандарттарының тиісті құзыреттіліктер бойынша талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады.
Семинар барысында:
🔰 Демонстрациялық емтихан шеңберін қалай ұйымдастыра аламыз?
🔰 Түлектерді даярлау жүйесінде демонстрациялық емтиханды енгізудің пайдасы неде?
🔰 Демонстрациялық емтихан арқылы дайындық шеңберін қалай ұйымдастыра аламын? Жоғары колледж оқытушыларының көкейінде жүрген сауалдарға кең көлемде нәтижелі сұхбат болды. APEC PetroTechnic Жоғары колледжімен ынтымақтастық негізінде директордың академиялық және өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Варавина Виктория Георгиевна, ЦӘК арнайы пәндер төрайымы; WS халықаралық сарапшысы Қалдыбаева Алтынай Саматқызы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар арқылы білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ, WorldSkills аймақтық және салалық чемпионаттарының өткізілуіне және халықаралық чемпионаттарға қатысуына барынша ықпал ету жөнінде ойлар айтылды.
Алдағы уақытта да APEC PetroTechnic Жоғары колледжімен бірлескен шаралар жалғасын таба берері сөзсіз.

0 0 голоса
Рейтинг статьи
Жазылу түрі
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии